Белкөлдіктерге «Сыбағаның» пайдасы тиді

40

0

Белкөлдіктерге «Сыбағаның» пайдасы тиді     Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде «Сыбаға» бағдарламасы
нәтижелі жүзеге асуда. Бұл жөнінде қалалық ішкі саясат бөлімі
«Қазақстан  2050» Стратегиясының қалаға қарасты елді мекендерде жүзеге
асырылу барысы жөнінде ұйымдастырған баспасөз мәслихатында Белкөл
кентінің әкімі Ақылбек Арыстанов хабарлады.
     Өткен жылы кенттегі 2
шаруа қожалығы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12,5 млн.теңге
несиеге қол жеткізіп, 76 бас мал алған. Бүгінде аталмыш шаруа
қожалықтары жоба аясында 8 тұрғынды жұмыспен қамтып, жұмыссыздықты жоюға
үлестерін қосуда. Сондай-ақ, «Сыбаға» бағдарламасы аясында мемлекеттен
несие алған шаруа қожалықтарының ірі қара малға селекциялық және
асылдандыру жұмыстарын жүргізуге мемлекеттен қаржылай қолдау көрсетіліп,
субсидия бөлінуде. Бүгінде Белкөл кентіндегі 3 шаруа қожалығы
бағдарламаның игілігін көруде. Оларға өткен жылы бюджеттен 4,4 млн.теңге
субсидия берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз