БЕНЗИН БАҒАСЫ БІР АЙДА ТҰРАҚТАЛУЫ МҮМКІН

53

0

БЕНЗИН БАҒАСЫ  БІР АЙДА ТҰРАҚТАЛУЫ МҮМКІНБір айда Қазақстандағы бензин бағасы тұрақталады. Бұл
туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика
бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

«Бізде бензин бағасы (АИ-92/93) 124-тен 130 теңге
аралығын­да болып тұр. Негізінен 125 тең­­­­ге көлеміндегі орташа баға бел­гі­­ленген
болатын. Айдың барысында баға тұрақтап, қалыпты на­рық­тық жүйеге келтіріледі
деген сенімдеміз. Бұдан әрі қарай жа­нар­май-жағармай бағасы айтар­лықтай
тұрақты болады. Сонымен бірге бұл мәселе көбінесе біздің негізгі жеткізушіміз –
Ресей қандай ба­ғамен сататындығына байланысты болады. Әзірге біздің мұнай
өңдеу зауыттары толық қамтамасыз ету деңгейіне шығармайынша, ресейлік нарықтағы
бағаға тәуелді боламыз», – деді министрдің орынбасары.

Сонымен қатар ол бензин баға­сының төмендеуі
мәселесіне тоқ­талып өтті. «Егер нарыққа айтар­лықтай көп бензин жеткізілсе
және оны бізге ұсынған бағамен алмайтын болсақ, әрине, сатушылар бағаны
төмендетуге қадамдар жасайды. Менің ойымша, қазан-қарашада нақты нарықтық
бағаларды көрген кезде, біз бұл жағдайды сезінетін боламыз», – деді
Ұ.Қарабалин.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз