Бензиннің қымбаттауына байланысты нан бағасы өсті

52

0

Бензиннің қымбаттауына байланысты нан бағасы өстіҚызылордада жақында ғана 40 теңге болған бірінші сортты ұннан дайындалған ақ нан енді дүкен сөрелерінде 45 теңгеден сатылып жатыр. 

Аймақ ішінде ас атасының қымбаттауына әкелетін себептер жоқ, деп сендіріп бағуда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылар. Барлығына ЖЖМ құнының өсуі себеп, ал нан бағасы былайша айтқанда «тізбек бойынша» өскен.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық анализ, маркетинг және аграрлық секторды ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ерхан Ағыбаевтың айтуынша, ресми түрде Қызылорданың наубайханалары бірінші сортты ұнды бірыңғай оператордан барынша төмен бағамен алады. Облыс әкімдігі жыл сайын солтүстік өңірлердің фирмаларымен мұндай ұнды жеткізу туралы меморандум бекітеді. Көп айдан бері бұл ұнның бағасы өзгерген жоқ, алайда шілдеде аздап газ қымбаттады, кейін ЖЖМ бағасы өсті. Осының барлығы нанның бес теңгеге қымбаттауына әсерін тигізді.

Қызылордада әлеуметтік бөлке нан бағасы алдағы айлары қырық бес теңгеден әрі өспейді деп күтілуде. Биылғы егін орағынан түскен бидайдан дайындалған ұнды басқа өңірлер Қызылорда облысына бұрынғысынша арзан әрі жеткілікті мөлшерде сата ма , жоқ па ол жағы әзірге белгісіз. Оның алдындағы меморандум әлі күшінде, әрі жаңасына қол қойылған жоқ.

 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз