
Ауылдық мектеп директоры өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, қарамағындағы қызметкерден қосымша 0,5 жүктеме қосып бергені үшін 5 000 теңге талап еткен. Нәтижесінде мектеп директоры аталған параны алу кезінде ұсталған.
Сот үкімімен мектеп директоры Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-бөлігіне (пара алу) сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мүлкін тәркілеп, білім беру саласында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 50 (елу) еселенген сомасы мөлшерінде 250 000 (екі жүз елу мың) теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.