Бес жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

75

0

Қазалы аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен құқықбұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта, азаматтың Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті тас жолының бойында алкогольді масаң күйде өз автокөлігімен жәбірленушінің автокөлігіне соғып, соңғыға материалдық шығын келтіргені анықталды.
Сот отырысында азамат әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәсін толық мойындады. Сот қаулысымен азамат ӘҚБтК-ның 608-бабының үшінші бөлігі бойынша көзделген құқық бұзушылықты жасаған үшін кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз