«Бесарық» су қоймасында оқу-жаттығу өткізілді

43

0

«Бесарық» су қоймасында оқу-жаттығу өткізілдіОблыс бойынша 4 су қоймасы бар болса, оның барлығы Жаңақорған ауданында орналасқан. Осыған орай Жаңақорған ауданындағы «Бесарық» ауылдық округінде «Су қоймаларында авариялық жағдай қаупінің туындауы және болған жағдайда басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-қимылдары» тақырыбында кешенді оқу-жаттығу өткізілді.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-жаттығу «Бесарық» су қоймасынан басталды. Онда сала басшылары мен 2 ауылдық округ әкімдерінің авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-қимыл жасауға дайындығы жөнінде өз міндеттерін карта арқылы баяндады. Аудан әкімінің орынбасары С.Ыдырысов бастаған комиссия құрамы ауыл тұрғындарын эвакуациялық іс-шараларын көрмек мақсатта Бесарық ауылындағы №54 орта мектепте орналасқан жинақтау бекеті мен Талап ауылындағы эвакуациялық-қабылдау пунктінде аралады. Онда тіркеу орны мен штабтан бастап, дәрігерлік, психолог кабинеті мен мүгедектерге, тынығуға, балалы аналарға арналған бөлмелердің ішкі жағдайымен танысты. 
Айта кетейік, «Бесарық» су қоймасы жыл басынан бері 2 мәрте тасу қаупін тудырып, уақтылы алдын алу жұмыстарының нәтижесінде қауіп сейілген еді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз