Бейнекамера көмегімен 71 қылмыстың беті ашылды

38

0

 Бейнекамера көмегімен 71 қылмыстың беті ашылдыҚызылорда облыстық ішкі істер департаментінің жедел жоспарлау басқармасының қызметкерлерімен бейнекамера арқылы ұсақ бұзақылықтарды анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Облыс орталығында 216 бейнекамералар,оның ішінде 96-сы көпқабатты үйлердің аулаларына орнатылған. 2014 жылдың 5 айында облыс орталығында орналасқан осы 216 бейне камералардың көмегімен барлығы 71 қылмыстың беті ашылса, 8131 құқық бұзушылықтар анықталып, олар бойынша әкімшілік шаралар көрілді.  Бұған қоса, құқықтық сана-сезім қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайту бағытында қызылордалық полицейлермен қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Нақтыласақ,  қоғамдық орындар мен көшені ластағаны үшін –1705, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемеде болуына жол беру – 29, белгіленбеген орындарда сауда жасау –318,  қалалар мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзу – 1010, иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелерін бұзу  – 261, тыныштықты бұзу – 960, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу  – 2395, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу  – 553, кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы  – 1406 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз