Бүгін Қазалыда гандболдан жарыс басталады

44

0

Бүгін Қазалыда гандболдан жарыс басталадыБүгін, 3 наурыз күні Қазалы ауданында гандболдан 2000 жылы туған және одан кіші
жастағы қыздар арасында ҚР гандбол федерациясының кубогы басталады. Оған
Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 8 команда қатысады.
    Биыл жарыс үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Алғашқы мәрте
басталғанда Қазалы ауданының командасы жеңімпаз атанған болатын.
Былтырғы жылы Қызылорда қаласының командасы үздік деп танылды. Кубок
жеңімпаздары 6 наурызда анықталады.

    Салтанатты ашылуы 3 наурыз сағ.16.00. Жарыстың бас төрешісі Вячеслав Ким.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз