Бүгін Қазақстанда аптап ыстық болады

103

0

 

Атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты республиканың солтүстігімен шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады, солтүстікте түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл болады, Қостанай облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ болуы ықтимал.

Күндіз Ақмола, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының  кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан  соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +19+21°С, күндіз +33+35°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз