Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік «Экспресс-АМ8» спутнигімен «Протон-М» ұшырылады

40

0

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік «Экспресс-АМ8» спутнигімен «Протон-М» ұшырыладыБайқоңыр ғарыш айлағында ресейлік «Экспресс-АМ8» ғарыш аппараты (ҒА) бар
«Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық аяқталып жатыр.

«ДМ-03»
үдету блогы және «Экспресс-АМ8» байланыс спутнигімен «Протон-М» зымыран
тасығышын ұшыру 2015 жылғы 14 қыркүйек күні Мәскеу уақытымен сағат
22:00-ге жоспарланған, бұл Астана уақытымен 15 қыркүйек, 01 сағатқа
сәйкес келіп отыр.

«Эскспресс-АМ8» ҒА-ның салмағы шамамен 2100 келіні
құрайды, ол Ресей, Еуропа елдері, Африка, Оңтүстік және Солтүстік
Америкаға телекоммуникациялық қызметтерді көрсетугеғ, сондай-ақ
президенттік және үкіметтік байланысты қамтамасыз етуге арналған.

Бұл «Экспресс» сериясы спутнигін «Протон-М» ЗТ-ның
көмегімен 2015 жылы болатын екінші ұшыру. Наурыз айында «Бриз-М» үдету
блогы бар «Протон-М» зымыран тасығышы «Экспресс-АМ7» ҒА орбитаға
ойдағыдай шығарды, деп атап өтеді Ресейғарыш баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз