Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді

43

0

Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтедіБүгін ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Шараның онлайн трансляциясын Baq.kz сайтынан сағат 20:00-де көріңіздер.
Іс-шара Мемлекет басшыларының Көрме орталық экспозициясы – Сфераның (Нұр Әлем) Қазақстан павильонына келуінен басталады. Мемлекет басшылары Көрмені аралып, Қазақстан экспозицияларын тамашалайтын болады.
Әрі қарай Мемлекет басшылары Көрме аумағы мен қатысушы елдердің павильондарымен танысатын болады. ЭКСПО-2017 Көрмесінің Ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтеді және Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасатын болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып фейерверкті тамашалайды.
Көрсетілім барлық республикалық арналар бойынша тікелей эфирде жүретін болады. Сонымен қатар Медиа Орталығында түсірілімнің 60 нүктесінен 4 ЖТС-нан сигнал берілетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз