Бүгін еліміздің кей аймағында көктайғақ болады

59

0

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады.
Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде найзағай болып, қатты жел соғады.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.
Қызылорда, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с жетеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде күндіз, Жалаңашкөл ауданында түнде жел 15-22 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай болып, тұман түседі, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батыс облысында 30 м/с болуы ықтимал.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз