
Халықаралық жастар күні БҰҰ-ның бекітуімен дүниежүзі бойынша жастар жөніндегі бағдарламаларды таратуға арналған. Бағдарламада білім, жұмысқа тұру, кедейшілікпен күрес, денсаулық сақтау, қоршаған орта, есірткі тасымалдау мәселелері қамтылған.
БҰҰ классификациясы бойынша жастардың жас ерекшеліктері – 15 жастан 24 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Демек, қазіргі таңда әлемде 1,2 млрд. жас азамат өмір сүреді. Бұл – бүкіл жер шары халқының 18 пайызы.