Бүгін «SMALL» сауда орнында «Қазақстанда жасалған» акциясы өтеді

111

0

Бүгін «SMALL» сауда орнында «Қазақстанда жасалған» акциясы өтедіБүгін, 6 наурызда, «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысының белсенділері Қызылорда облысы
әкімдігі және «SMALL» супермаркеттер желісімен бірлесіп, «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясын өткізді. Бүгінгі күні «SMALL» сауда
белгісімен облыстағы ең ірі 4 супермаркет желісі бар. Шара солардың
барлығында  өткізілмек. Акция аясында
отандық өндірушілердің өнімдері орналасқан сауда сөрелерінің тұсына «Қазақстанда жасалған» деп жазылған
түрлі-түсті белгі-тақтайшалар қойылды. Бұл қазақстандық өнімді ерекшелеп, сатып
алушылар үшін тартымдылығын арттырды. Бүгінде «SMALL» супермаркеттер
желісінің сөрелерінде отандық тұтыну тауарларының үлесі 70% асып түседі.

2015 жылғы 11 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген
отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық өндірушілерді қолдауға
шақырған болатын. Онда Елбасы «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын
бастауды ұсынған еді.  Акция барысында
сауда желілерінде сатылатын қазақстандық
өнімдер көзге бірден түсердей ерекше көрсетіліп қойылады. Отандық
өндірушілердің тауарын сатып алғысы келетін азаматтарға бұл өте қолайлы.  «Барлық
қазақстандықтарды, бүгінгідей қиын жағдайда, біздің, қазақстандық тауарларды
сатып алуға шақырамын. Бұл Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп
білейік», деген болатын мемлекет басшысы.
Ел Президентінің үндеуінен соң «Қазақстан – 2050»
Жалпыұлттық қозғалысының белсенділері ірі дүкен желілерімен және өндірушілермен
келіссөз жүргізуді бастап кетті. Қоғамдық ұйымның акция өткізу туралы ұсынысын
алғашқылардың бірі болып Астанадағы «A 2» супермаркеттер желісі қолдап,
дүкендерінің бірінде «Қазақстанда жасалған» акциясын бастады. Ал бүгін
еліміздегі барлық облыстарда жалғасын табуда.
«Отандық өнімді ала отырып, біз еліміздің
кәсіпорындарының дамуына үлес қосамыз, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін
тигіземіз. Ал өнім-тауар өндірушілер жұмыс орындарын тұрақты өсіріп отырумен
қатар, салық төлейді, айлық береді, осылайша ақша өз елімізде айналымда болады.
Бұл тек бізге ғана емес, еліміздің экономикасына да өте тиімді», – дейді, «Қазақстан
– 2050» Жалпыұлттық қозғалысының Қызылорда облысындағы үйлестірушісі Жасұлан
Серіков. Жасұлан Серіковтың айтуы бойынша, «бүгінде қала тұрғындары шетелдік
өнімдерден гөрі отандық өнімдерді алуды құп көреді. Мысалы, жеміс-жидектер, ет,
балық т.б. Осы акция барысындағы «Қазақстанда жасалған» деген жазуы бар
сілтемелер арқылы адамдар керекті отандық өнімді дүкеннен оңай тауып алады», –
дейді.
Бүгінде белсенділер еліміздегі барлық ірі сауда
желілерімен акцияны өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп
жатыр. Сонымен қатар, қозғалыс белсенділері отандық өнімді сатып алуға
үгіттейтін «Қазақстандық тауарды сатып алудың 7 себебі» атты ақпараттық
таныстырылым әзірлеген болатын. Таныстырылыммен келесі сілтеме бойынша танысуға
болады: http://http://www.slideshare.net/KZ-2050/made-in-kazakhstan-45001265
Акция
өтетін орын мен уақыты: «SMALL» сауда орны, 16.00
 
Байланысу
үшін: «Қазақстан
2050» Жалпыұлттық қозғалысының Қызылорда облысы бойынша үйлестірушісі, 
Жасұлан Серіков 8 702 530 69 33, 8 777 394 94 55.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз