Бүгін – танымал өнер қайраткері Ағымсалы Дүзелханов дүниеге келген күн

156

0

Осыдан тура 63 жыл бұрын (1951) Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Графикалық дизайн» кафедрасының оқытушысы, график-кескіндемеші ДҮЗЕЛХАНОВ Ағымсалы Дүзелханұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1996). 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1982 жылы В.И.Суриков атындағы Мәскеу көркемсурет институтын бітірген. Қолданбалы графика, плакат, кітап безендіру, кескіндеме, портрет жанрларында еңбек етеді. Тарихи, фольклорлық тақырыптағы және балаларға арналған 200-ден астам кітапты, әлеуметтік және тарихи тақырыптағы 50-ден астам плакатты безендірген. «Томирис», «Сақтар», «Айман – Шолпан», «Қыз Жібек», т.б. литографиялардың «Алтын сарбаз», «Түркістан», «Ордабасы», «Көроғлы», «Оғыз хан», т.б. кескіндеме жанрындағы туындылардың авторы. Сондай-ақ, оның «Абылай хан», «Әбілқайыр хан»,»Әйтеке би», «Қазыбек би»,»Төле би», «Қорқыт» тәрізді портреттер сериясы бар. Қазақстанның ұлттық ақшасы – теңгені безендірушілердің бірі. «Жоғалған ұйқы» қуыршақты мультфильмінің қоюшы-суретшісі болған. Дүзелханов Қазақстан Мемлекетінің сыйлығын (2002), Абай, Әлішер Навои атындағы сыйлықтарының иегері. Туындылары Қазақстанның және шетелдердің өнер мұражайларына қойылған.Кітап және қондырғылы графика саласында жұмыс істейді. Д. А. Б. Есмахановпен бірігіп жасаған 1990 жылға арналған «Абай» плакат-күнтізбесі «Өнер» баспасынан 1989 ж. жарық көрген. Ташкентте өткен еларалық конкурста арнайы дипломымен наградталған.
 

 «Қамбар батыр». Ағымсалы Дүзелханов
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз