
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с дейін жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында да кей жерлерде бұршақ жауып, 15-20 м/с дейін жел күшейеді. Атырау облысында да 15-20 м/с жылдамдықпен топырақты жел соғады.
Маңғыстау, Қостанай, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Ақмола облысында түнде және таңертең – тұман. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күн аптап ыстық болады.
Маңғыстау мен Атырау облыстарында ауа райы ыстық, кей жерлерде аса ыстық болады. Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-батыс және орталық бөліктерінде аса қауіпті өрт шығу жағдайы сақталады.