Бүгін Қызылордада күзгі санитарлық тазалықтың 2 айлығы басталды

48

0

Бүгін Қызылордада күзгі санитарлық тазалықтың 2 айлығы басталдыБүгін Қызылорда облысындағы барлық мекеме сенбілікке шықты. Айта
кетейік, облыс әкімінің өкімімен санитарлық тазарту, көркейту және
көгалдандыру екі айлығы жарияланды. Мерзімі 10 қыркүйек пен 10 қарашасы
аралығы деп бекітілді,-деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз
қызметінен.

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, мәслихат
депутаттары, облыстағы барлық мекеме басшылары, мемлекеттік
қызметкерлер, мұғалімдер және ірі кәсіпкерлік нысандарының басшылары өз
көшелерінің санитарлық тазалығына жауапты ретінде бекітілді. Олар өз
аумақтарында мекемелердің сенбілікке уақытылы шығуын қадағалап,
тазалыққа жауапты болады.

Күздің алғашқы сенбілігіне облыстағы барлық
мекемелер мен оқу орындары белсенді қатысты. Өздеріне бекітілген
аулаларды қоқыстан тазартты. Жоғарыда айтқанымыздай сенбілік жұмыстары
екі айға жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз