«Биг-Бен» мұнарасы жаңғыртылып жатыр

71

0

«Биг-Бен» мұнарасы жаңғыртылып жатырЛондонда әлемге әйгілі «Биг-Бен» мұнарасы жаңғыртылып жатыр. Жөндеу жұмыстары 3 жылға созылуы тиіс, деп жазады «Хабар 24». Жоба құны 29 млн стерлинг фунтты құрайды. Бұл шамамен 42 млн АҚШ долларына тең.
Айта кеткен жөн, «Биг-Бен» Лондонның маңдайға тұтып, мақтаныш етер ерекше орындарының бірі саналады. Тарихи нысан талайдан бері жөндеу көрмеген екен. Соның кесірінен, 2015 жылдан бері мұнара сағаты қалып кете береді екен. Сол себепті уақыт белгісінің тетігін жөндеп, мұнараның өзін қалпына келтіру жөнінде шешім қабылданған. «Жөндеу жұмыстарын үш кезеңге бөлдік. Алдымен сағаттың өзін қалпына келтірумен айналысамыз. Одан кейін мұнараны жөндеу шараларын қолға алмақпыз. Сонымен қоса, «Биг-Бен» мұнарасын көркейту жұмыстарына да ерекше мән берілген. Мәселен жаңа лифт орнатып, қуат көзін үнемдеу үшін жарықтандыру жүйесін алмастыру жоспарда бар», – дейді сәулетші Адам Ватробский.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз