Биыл 20 мың баланың мамандық алып шығуы үшін 4,3 млрд. теңге бөлінді

70

0

Биыл 20 мың баланың мамандық алып шығуы үшін 4,3 млрд. теңге бөліндіАғымдағы  жылы елімізде колледжде оқитын студенттер саны 105 мың адамға жетеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сағадиевтің айтуынша, Білім және ғылым министрлігі Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік кадрларды дайындаумен айналысуда. «Ол біздің 9-11 сыныптарды биыл бітіретін және былтырғы жылдары бітірген балаларға арналған 2-3 жылдық стандарт бойынша колледжде өтетін бағдарламасы. Бізде жыл сайын 85 мың бала колледждерге түссе, биылғы жылы қосымша 20 мың бала осы жоба арқылы келіп, 105 мыңға жетеміз деп отырмыз. Бізде жыл сайын 20-25 мың бала колледжге, жоғары оқу орындарына түспей, мамандықсыз қалады. Осы жоба сол балаларға арналған. Биыл қосымша 4,3 млрд. теңге бөлініп,  жергілікті бюджеттерге жіберілді», – деді ол.
Оның атап өтуінше, облыстарда 825 мобильді топтар құрылды.  Олар кадрларды дайындауға адамдар тізімін жинақтап отыр. Батыс Қазақстан облысынан басқа әр облыста білім ұйымдары және мамандықтар тізбесін бекіту үшін өңірлік комиссиялар құрылды. 360 техникалық және кәсіптік ұйымдардың тізбесі анықталды. Жергілікті органдар болжамдық ұсыныс негізінде жұмысшы кадрлар үшін кәсіптер тізбесін дайындауда. «Оқыту бағдарламалары дайын. Облыстық кәсіпкерлер палатасымен келісіп бекітілді. Осы бағдарлама арқылы оқуға түсетін балалар шәкіртақымен, бір реттік ыстық тамақпен және тегін жатын орынмен қамтамасыз етіледі», – деді министр.   
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз