Биыл 52 000 тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді

53

0

Биыл 52 000 тұрғын көгілдір отынға қол жеткізедіБиыл 52 000 тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді. Бүгін халықпен есепті кездесуін өткізіп жатқан ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Газ секторында халықты газдандыру жобаларын жүзеге асыру  жалғасуда. Елімізде 8 миллионнан астам тұрғын газға қол жеткізіп отыр. Бұл халықтың  46,3 пайызын құрайды. 2030 жылға қарай елдің газдандыру деңгейін 56 пайызға жеткізуі біздің нысаналы индикатор болып табылады.  Елімізде кең ауқымды экспорттық және транзиттік газ құбырлары тартылған. Біріншіден, 18 мың шақырым магистральды және 30 мың шақырым газ тарату құбырлары салынды. Екіншіден, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры салынып пайдалануға берілді. Үшіншіден, қосымша құбыр қуаттары іске қосылып, отандық газды Қытайға экспорттауға техникалық мүмкіндік алдық», – деді Бозымбаев. Оның айтуынша, 2016 жылы ел өңірлерін газдандыру міндеттемелеріне сәйкес республикалық және «ҚазТрансГаз» ұлттық операторының қаражаттары есебінен Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының 180 000 тұрғыны тұратын 50 елді мекен газдандырылды. Атап айтқанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен – Батыс Қазақстан облысының  15 елді мекені, Қостанай облысының  10 елді мекені және Жамбыл облысының 10 елді мекені, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қаржысы есебінен Маңғыстау облысының 2 елді мекені, Ақтөбе облысының 10 елді мекені, Қызылорда облысының 1 елді мекені, Қостанай облысының 1 елді мекені тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. «Осы жылы газдандыру бойынша 7 жоба жүзеге асырылуда. Талдықорған қаласында 2 және 3 кезекті газ тарату жүйелері салынуда. Батыс Қазақстан облысында Сырым, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарын және Бөкей орда ауданының 11 елді мекенін газдандыру, Орал жылу-энергетикалық орталыққа жаңа магистральды және газ келтіру құбырларының құрылысын, Қызылорда облысының Жосалы ауылға «Бейнеу-Бозой-Шымкент» құбырынан газ бұру құбырын салу, Жамбыл облысының Тараз қаласындағы Шолдала тұрғын алабын газдандыру жұмыстары жүргізіледі. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 2017 жылы шамамен 52 000 тұрғын газға қол жете алады. Солтүстік аудандарды, әсіресе Астананы газдандыру мәселесі бөлек орында тұр», – деді Бозымбаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз