Биыл Қазалыда көпір мәселесі түбегейлі шешіледі

66

0

Көптен бері өңірде шешімін күтіп келген маңызды сұрақтың бірі өткел мәселесі жуық арада оң шешімін табады. Бұл туралы аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Бірлік ауылындағы халықпен кездесуінде баяндады, деп хабарлады Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Екі жағалауда орналасқан елді-мекендер ендігі уақытта еш қиындықсыз қатынаса алады. Әсіресе, қыс мезгілінде, сең жүру кезінде қиындық тудыратын көпір мәселесінің қыркүйек айында түбегейлі шешілетіндігіне халық та риза. Кө¬пір құрылысы арқылы ауыл тұрғындары¬ның бірнеше әлеуметтік мәселесі де ше¬шіледі. Ең алдымен қыс-көктем мезгілдерінде жұрт қауіп-қатерден құтылады.

Сондай-ақ, Абай ауылына кіре беріс жол үстінде Сырдария өзені арқылы өтетін қалқымалы көпірге баратын жолды жөндеу және арнасына көпір салу жұмыстары да қолға алынбақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз