Биыл облыста 76639 гектар күріш егілді

89

0

Биыл облыста 76639 гектар күріш егілдіОблыста негізгі дақыл күрішті егу, суға бастыру жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. 
Ауа райының кейбір қиындықтарына қарамастан, облыс диқандарының зор еңбегінің және мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында күріш дақылын егудің агротехникасы толық сақталып, жоспардағы 76639 гектардың орнына барлығы 80694 гектар күріш егілді. Өткен жылмен салыстырғанда, күріш егісі 6,7 мың гектарға артық егіліп отыр. 
Оның басты себептерінің бірі күріш егетін шаруашылықтарды алдын- ала несиелендіруге биылғы жылы қол жеткізілді. Облыс әкімінің тікелей қолдауының арқасында, облыстағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының күзде жиналатын күрішінің 1 келісін 50 теңгеден сатып алу жөніндегі шешім биылғы жылы осыншама күріш дақылын егуге оң ықпалын жасады. Яғни, дихан қауымының күріш өндірісімен шындап айналысуға деген ынтасын нығайтты. Атап айтқанда, облыстың күріш шаруашылықтарынан күріш салысын алдын-ала сатып алуға несие қарастырылып, үстіміздегі жылы «Агро Холдинг Байқоңыр» ЖШС-гі арқылы 42 шаруашылыққа күзгі егіннен жиналатын күріш салысын сатып алу жөніндегі келісім шарт негізінде көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізуге барлығы 772,4 млн. теңге қаржы берілді. 
Аудан әкімдері мен ауыл және су шаруашылығы мамандарының хабарламаларын тыңдаған облыс әкімі алдағы уақытта егілген күрішті агротехникалық шараларға сай күтіп баптау қажеттілігіне тоқталды.Сонымен қатар егілген егісті суармалы сумен қамтамасыз етуде тиісті сала мамандарына тапсырма берді.
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сйүенсек, алдағы уақытта егіншілік саласын әртараптандыру бағытындағы мәселелермен қатар, болашақтағы басты міндеттердің бірі – ол күріш дақылының көлемін көбейту емес, озық тәжірибелерді қолдану арқылы өнімділікті молайту қажеттілігін облыс әкімі мәжіліске қатысушылардың назарын аударып, егіншілікке қатысты жер тегістеу, суармалы суды тиімді пайдалану жөнінде семинар кеңестер өткізуге тапсырма берді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз