Биыл Сыр елінде 17 орта мектеп пайдалануға беріледі

50

0

Биыл Сыр елінде 17 орта мектеп пайдалануға беріледіҚызылорда облысында үстіміздегі жылы орта мектепке арналған 17 ғимараттың құрылысы пайдалануға берілмек.


2015 жылдың аяғына дейін өңірімізде жалпы есеппен 6320 орынға арналған
19 оқу ғимараты пайдалануға берілмек, – деді облыстық құрылыс, сәулет
және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Майра Барақбаева. –
Олардың ішінде республикалық бюджет 5100 орындық 7 мектеп құрылысын
қаржыландырса, облыстық бюджеттен 850 орындық 10 мектепке қаржы
бөлінді.

Жалпылай алғанда, Қызылорда облысы оқу орындарының
ғимараты құрылысына биылғы жылы 6,5 млрд. теңге бөлінді. Бүгінде 22 оқу
ғимараты мен 3 балабақша құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Тағы да
миллиардтаған қаржы өңіріміздің жаңа мәдениет ошақтарына жұмсалатын
болады, – деді М.Барақбаева. – Тарқатып айтар болсақ, 7 аула клубы,
мұражай және кітапхана құрылысы жоспарланған. Барлық нысандар жыл аяғына
дейін пайдалануға беріледі».

Айта кету керек, мамыр айында 150
орындық Шиелі ауданындағы Төңкеріс ауылы мен Арал ауданындағы Қамыстыбас
ауылында екі аула клубы пайдалануға берілген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз