Биыл Тереңөзекте емхана есігін ашады

44

0

Биыл Тереңөзекте емхана есігін ашадыСырдария. Үстіміздегі жылы аудан орталығы – Тереңөзек кентінде бір мезгілде 250 адамды қабылдайтын аудандық емхананың құрылысы пайдалануға берілмек.
Емхана құрылысының жалпы сметалық құны – 1 452,8 млн.теңге. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер «ҚК Энергия» ЖШС-і жүргізіп келеді. Емхана құрылысы өткен жылы басталып, 648,2 млн.теңге қаржы игерілді. Қазіргі таңда құрылыс алаңында барлығы 114 жұмысшы қарқынды еңбек етуде. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарына барлығы 13 бірлік техника жұмылдырылған.
Биылғы жылы аудандық аурухананы жөндеуге, облыстық бюджеттен 63 млн. теңге қаржы бөлдіруге қол жеткізілді. Өткен жылы облыстық бюджеттен 264,0 млн. теңгеге Айдарлы, Бесарық, Іңкәрдария ауылдарында, дәрігерлік амбулатория ғимараттарының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз