Биыл Қызылорда облысы әкімінің 135 білім гранты тағайындалады

96

0

Биыл Қызылорда облысы әкімінің 135 білім гранты тағайындаладыОқу үлгерімі жақсы, әлеуметтік аз
қамтылған ауылдық жерлердегі түлектер үшін биыл облыс әкімінің 135 білім
гранты тағайындалады. Бұл туралы бүгін аппарат мәжілісінде аймақ
басшысы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. 
Биыл
облыста 6564 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 4559-ы ҰБТ-ға қатысады. 2-4
маусым күндері Ұлттық бірыңғай тестілеу 9 пунктте өткізілетін болады.
Барлық тестілеу пункттері Ереже талаптарына сай жабдықталған. Сонымен
қатар оқушыларды тасымалдау, тамақтандыру сияқты мәселелер де толық
шешімін тапқан. 
Өткен
жылы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша Қызылорда облысы республикадағы
аймақтар арасында алғашқы бестікке енген болатын. Ал мектеп бітірген
түлектердің 93,6 пайызы арнаулы және жоғары оқу орындарына түскен.
Сонымен қатар, Ресей Үкіметінің білім гранттары негізінде 321 сырбойылық
Мәскеу мен Санкт-Петербургта білім алуда. 

Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысатын түлектер үшін барлық жағдай
жасалуы тиіс. Балалардан артық ешнарсе жоқ. Сондықтан жауапты
басқармалар мен қала және аудандардың әкімдері тест өтетін пункттерге,
олардың жатын орындарына тікелей жауапты. Ұлттық біріңғай тестілеуді
ұйымдастыру жоғары деңгейдегі жауапкершілікпен өткізілу қажет. Оның
нәтижесі аймақтағы білім беру саласының көрсеткіші және облыс дамуының
болашағы, – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.   
Бүгінгі
аппарат мәжілісінде оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі де
қаралды. Жалпы биылғы жылы облыс бойынша 1-10 сынып аралығындағы
балалар саны 124994. Оның 93%-ы жазғы демалыспен қамтылады. Қазір
аймақта 8 демалу-сауықтыру лагері жұмыс жасайды. Биыл осы аталған 8
лагерьде барлығы 8570 бала тынығатын болады. Облыс әкімі аймақтағы
барлық лагерьлер үздіксіз, жыл бойы жұмыс істеуін қатаң тапсырды.
Сонымен қатар, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған,
тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар балаларының, мүгедек балалардың,
даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың, жалпы білім беретін
мектептердің үздік оқушыларының сауықтыру демалысын басым тәртіппен
жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілуін тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз