Биылғы жылдың 6 айында Қазалы ауданында өнім өндіруден өсім бар

49

0

 

Биылғы жылдың 6 айында Қазалы ауданында өнім өндіруден өсім барСтатистикалық есептерге сәйкес 2014 жылдың 6 айында Қазалыда ауылшаруашылығы өнімін өндіруде 12,6 пайызға, бөлшек саудада 19,4 пайызға, тұрғын үй құрылысында 7,5 пайызға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіруінде 5,4 пайызға өсім бар. Көлік саласының барлық көрсеткіштері бойынша өсу қарқыны сақталуда, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында 4 млрд. 842 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен (4328,4 млн. теңге) салыстырғанда 116,0 пайызды құрады.
Өнеркәсіп саласының басым бөлігі, яғни 85,5 %-ы өңдеу өнеркәсібінің үлесінде. Өнімі 4 млрд. 141 млн. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110,3 %-ды құрады (3853,0 млн. теңге).
Айта кету керек, өңдеу өнеркәсібінің 48,7 пайызын құрайтын машина жасау саласындағы Қазалы локомотив жөндеу зауыты мен Қазалы вагон жөндеу депосы теміржол саласындағы құрылымдық өзгерістерге қарамастан өнім көлемін төмендетпеуде пәрменді жұмыстар атқарып келеді.
2014 жылы Қазалы локомотив жөндеу зауыты зауыттың негізгі қызметінің түрлеріне кірмейтін 16 арнайы мамандандырылған теміржол жөндеу машиналарын жөндеуден өткізіп, жылдық болжамды 117,9 пайызға орындауды жоспарлауда.
Қазалы вагон жөндеу депосы 2014 жылдан бастап өндірістегі жаңа вагондар жөндеуден өткізілуіне байланысты осы жылы «Қазақстан теміржолы» АҚ-нан 1605 вагон, жекелеген компаниялардан 462 вагон, яғни 1352 млн. теңгеге деполық жөндеу, 19,1 млн. теңгенің 1739 дана қосалқы бөлшектерін жөндеуден өткізу жоспарлап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 114,4 пайызды құрайды деп болжамдалуда.
Бұл жұмыстар өз кезегінде жалпы өнеркәсіп өнімінің төмендемеуіне үлкен үлес қосуда.

 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз