Бизнес өкілдеріне кедергі келтірген мәселелер

44

0

Бизнес өкілдеріне кедергі келтірген мәселелерҚызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен облыс әкімі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінде Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов аймақтағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бағытында атқарылған жұмыстармен қатар, бірқатар проблемаларды да атап өтті.

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының құрылғанынан бері кәсіпкерлік субъектілерінен 528 өтініш келіп түскен, оның ішінде 250-ге жуық мәселе бойынша кәсіпкердің пайдасына шешілді, сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтары 1 млрд. теңгеден аса қаражаты қорғалып қалпына келтірілді.
Кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштердің басым бөлігі (68%) жер қатынастар, қала және қала құрылысы, газ, электр энергиясымен жабдықтаушы субъектілерінің әрекетіне байланысты.  
Бүгінгі таңда, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша 50 аса сот отырыстарына қатысып, сот процесстерінің 80% кәсіпкердің пайдасына шешілді.
Палата басшысы облыс орталығындағы 3 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан қалалық мәдениет және демалыс паркінде жұмысын жүргізуші кәсіпкерлерге қатысты қабылданған шешімдерге де тоқталып өтті.
Палатада 2014 жылдан бері Қалалық медениет және демалыс паркінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін табысталатын жер учаскелерінің жалға алу құнын төмендету, сондай-ақ, 3 жылдан аса  кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырған және өз мiндетiн лайықты түрде атқарған кәсіпкерлердің шартты ұзақ мерзімге жасау мәселелері қаралуда.

Бүгінгі күні, Палата Қызылорда қаласы әкімдігімен бірлесе  Қалалық медениет және демалыс паркінде қызметін жүзеге асырып жүрген кәсіпкерлердің мүддесін ескере отырып, қалалық мәдениет және демалыс паркін дамыту жоспары, концепциясын дайындауда.
Мұнан өзге Ғалымбек Жақсылықов саладағы проблемаға да тоқталды. Ол түрлі кәсіппен айналысатын дүңгіршектерге қатысты. Облыс орталығындағы орналасқан дүңгіршектерде түрлі қызметтер көрсетіп өз кәсібі арқылы отбасын асырап отырған кәсіпкерлер дүңгіршектері орналасқан жер учаскелерін қала әкімдігі жер учаскелерін заңсыз пайдалануда деген себеппен босатуға алдына ала ескерту беріп, жер учаскелерін қайтару жұмыстарын жасауда. Нақтырақ айтқанда, мәселе  «Универсам», «Ескі базар» маңында ет өнімдерін, лоторея, газет-журнал сату және басқа да түрлі қызмет көрсетіп отырған кіші кәсіпкерлерге қатысты туындап отыр.
«Палатаға бүгінгі күні осы мәселе бойынша кәсіпкерлердің жазбаша өтініштері тіркелуде. Сонымен бірге жеке қабылдауда да күнделікті кәсіпкерлер өз шағымдарын білдіруде», – деген Палата басшысы өз өздерін қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлердің мәселесін шешу мақсатында жер учаскелерін «Байқоңыр» Әлеуметтік Кәсіпкерлік корпорациясының меншігіне беріп, кәсіпкерлердің осы мекемемен жер учаскесін жалға алу келісім-шартын жасау арқылы иелену жолын қарастыруды ұсынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз