«Бизнеске тұрақтылық қажет» – Қайрат Боранбаев

42

0

 «Бизнеске тұрақтылық қажет» - Қайрат Боранбаев«Дағдарыс
– ерте ме, кеш пе бітеді. Ал бизнес үшін тұрақтылық аса маңызды», – дейді «К-Group
Ltd» ЖШС-нің басқарма төрағасы, Өңірлік кеңес мүшесі Қайрат Боранбаев.

Кәсіпкер:«Нарықтағы жағдайдың қиын екені белгілі.
Бірақ қиын екен деп елді дүрліктірудің де қажеті жоқ. Бұл ешқандай жақсылыққа
әкелмейді. Дегенмен, қазіргі «ерекше кезеңде» дағдарысқа қарсы шаралар қажет.
Бұл жерде мықты сарапшылардың пікірі маңызды. Қазіргі жағдай кім-кімге болса да
қаржыны тиімді қолданудың маңызды екенін көрсетті. Тағы да қайталап айтамын,
ысырапқа жол бермеу керек, кез келген ресурсты барынша тиімді қолдану қажет.
Онсыз мүмкін емес. Мына нәрсені айтқым келеді, бізге бағынышты емес жайтты
сынауды қою керек. Одан да қолымыздан не келеді, нені істеуге міндеттіміз, соны
жасаған дұрыс. Ең бастысы, қазіргідей «экономиканың ерекше» кезеңінде жұмысшылардың
әлеуметтік жағдайын, оларды қолдауды естен шығармау керек. Менің қазіргі
негізгі міндетім – қарамағымда жұмыс жасайтын 280-ге жуық жұмысшының жұмыс
орнын сақтап қалу», – дейді.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз