«Бизнестің жол картасы – 2020»: 89,5 млн теңгенің жобалары мақұлданды

36

0

«Бизнестің жол картасы - 2020»: 89,5 млн теңгенің жобалары мақұлдандыҚызылордада аймақтық үйлестіру кеңесінің 2016 жылғы алғашқы отырысында
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 89,5 млн теңгенің
жаңа жобалары қолдау тапты, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз
қызметі.

Кәсіпкерлер жобаларын өндіріс саласында жүзеге асыруға
ынталы. Қолдау тапқан 6 жобаның 5-уі – тамақ өндірісі бағытында. Ал 3
жоба ауылдық жерде жүзеге асырылады.

Айта кетерлік нәрсе, ауылда жұмыс істейтін
кәсіпорындар мен ҮИИДБ аясында экономиканың өндірістің басым секторында
жүзеге асатын жобалар бойынша несиенің пайыздық үстемесінің мемлекет 10%
субсидиялайды. Екінші деңгейлі банктерден алған несие қаражатына жеке
кәсіпкерлік субъектілері бизнесін дамыту үшін айналым қаражатын
толтыруға және қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсайды.
ЖК
«Нұғманова Б.», ЖК «Пасынкова Н.», ЖК «Ай-Диль» және «МеаПрим» ЖШС
компаниялары кепіл мүліктің жетіспеушілігі мәселесін «Даму» қорының
жобаларды кепілдендіру құралы аясында шешті. Кәсіпкерлерге мемлекеттік
қолдау асында 85%-ға дейін кепілдеме берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз