Бүкіләлемдік мұралар тізіміне мұралар енгізіледі

52

0

Бүкіләлемдік мұралар тізіміне мұралар енгізіледіАлматы. Қазақстан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне «Ұлы Жібек жолының ескерткіштері» аталымына ұсынуға алғашқы кезеңдегі нысандар таңдап алынды.
Оңтүстік астанамыз – Алматы қаласында өткізілген Ұлы Жібек жолы жөніндегі халықаралық форумда Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Әлия Әбілдинова осылай деп мәлім етті. Төрағаның орынбасары Жібек жолының негізгі Жетісу, Сырдария, Сарыарқа және Маңғышлақ кесінділері бойынша 31 тарихи және мәдени ескерткіштер ұсынылатынын жеткізді. Олардың қатарында біздің өңірімізге қатысты Сырдарияның Отырар оазисіндегі ескерткіштер, Түркістан, Сауран және Сығанақ қалалары бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз