
Әбіл Қалымбетов футболшылық бүкіл өмірін бір ғана қызылордалық клубты өткізді және ұзақ жылдар бойы капитандық міндетті атқарды. Ойыншы ретінде командада 21 жыл бойы (1968-1989) жасыл алаңға шықты. Қызылордалық ұжым сапында 683 ойынға қатысып, соның нәтижесінде 24 мәрте қарсыластар қақпасына гол соқты. Ойыншы ретінде кәсібін аяқтағаннан кейін «Қайсарда» команда бастығы, бас бапкер және спорттық директор қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, Қазақстан біріншіліктерінде инспектор-төреші, №2 облыстық балалар мен жасөспірімдер арасындағы футболдан олимпиадалық резервтер мектебінде әдіскер болды. Жарысты ұйымдастырушылар қызылордалықтарды турнирге қатысуға шақырады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!