Білім басқармасының басшысы тағайындалды

90

0

Білім басқармасының басшысы тағайындалдыОблыс әкімінің 2015 жылғы 5 ақпандағы өкімімен
Сайлыбаев Бахытжан Әбдіқалықұлы Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы
лауазымына тағайындалды.

Бахытжан Әбдіқалықұлы 1955 жылы Жаңақорған ауданында
дүниеге келген. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын –
математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының
докторы, академиялық профессор.
Еңбек жолын 1976 жылы орта мектеп мұғалімі ретінде
бастаған. 1981-1993 жылдары – Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының
оқытушысы, аға оқытушысы, 1993-2011 жылдары – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы,
оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, бірінші проректоры, 2011-2012
жылдары – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші
проректоры қызметтерін атқарған.
2013 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының білім
басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз