Білімге бөлінген қаржы 1,2 есеге өсті

41

0

Білімге бөлінген қаржы 1,2 есеге өстіҰлттық бірыңғай тестілеуде өз білімдерін дәлелдеген 94 түлекке облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Алтын белгіні» салтанатты түрде табыстады. 
«Бүгін – баршамыз үшін ерекше күн. Ата-ана үшін бауыр еті – балапанының қа¬нат қақ¬қан, ұстаз үшін маңдай тері – шә¬кір¬тінің үкі таққан тамаша сәті. Ал бүкіл ел үшін – азаматқа үміт артқан тарихи мезет. Қуବныш¬тарыңыз құтты болсын», – деп бастады сөзін аймақ бас¬шы¬сы.
Облыстың білім саласына жұмсалатын қаржы 2013 жылмен  салыстырғанда    1,2 есеге өсті. Биылғы жылдың өзінде облыста 30 мектептің, 8 балабақшаның құрылыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеуден өтетін мектеп саны – 49. Аз қамтылған отбасынан шыққан дарынды балаларға арналған облыс әкімінің  гранты 300-ге жетті. Ресейдің бюджеті есебінен 153 түлек Мәскеуде, 41 бала Санк-Петербургте білім алады.  
– Балаға білім беріп, оны саналы азамат ретінде тәрбиелеу – ата-ана үшін жазылмаған заңдылық, баласының алдындағы қасиетті борышы. Ал, сапалы білім беріп, тәуелсіз елдің сауатты азаматын тәрбиелеу – ұстаздың міндеті. Сондықтан Сіздердің жасаған еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін, – деді құттықтау сөзінде облыс әкімі.
  Мұнан соң үкілеген үмітті ақтап, «Алтын белгіні» дәлелдеген 94 түлек салатанатты түрде марапатталды. Аймақ басшысы барлық өрендерге арнайы төсбелгіні тағып, ноутбук сыйға тартты. Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың ән-шашуымен қорытындыланды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз