БЛОГЕР ДӘРІС ОҚЫДЫ

62

0

БЛОГЕР ДӘРІС ОҚЫДЫБүгін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің Шоқайтану ғылыми-зерттеу орталығында аймақтық блогерлерге, баспасөз хатшылары мен журналистика мамандығында оқитын студенттерге арналған «SMM негіздері және желідегі контент» тақырыбында семинар-тренинг өтіп жатыр. 
Оны облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры ұйымдастырып, «Қазақстандық блогерлер Альянсы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Аршат Ораз жүргізді. Блогер қатыушыларға әлеуметтік желідегі SMM негіздерін түсіндіріп, контент маңызын дамытудың тәсілдерін үйретті. «Желі әдебі немесе нетикет», «Ақпараттық соғыс және қорғаныс амалдары» тақырыптарында дәріс оқыды. 
Қатысушылар тапсырмалар орындай отырып, қызықтырған сауалдарына жауап алды. Оларға семинар-тренинг соңында сертификаттар табыс етіледі. 
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз