Бокстан ашық турнир өтуде

52

0

Бокстан ашық турнир өтудеАймағымыздағы іргелі білім ордасы, білім мен ғылымның, мәдениеттің қарашаңырағы Қорқыт Ата атындағы Қыхылорда мемлекеттік университетіне биыл – 80 жыл. Осыған орай бүгін аймағымызда жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент-жастары арасында бокстан университеттің ашық біріншілігінің ашылу рәсімі өтті. Турнирдің қадірлі мейманы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Сидней» Олимпиадасының Халықаралық дәрежедегі AIBA төрешісі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Олимпиадаға дайындық орталығы директорының кеңесшісі Серік Абденалиұлы Абденалиев. 
Спорттық шараны университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры, бірінші проректоры Абайбек Талғатұлы Жүнісов ашып, жарыс жолындағы азаматтарға сәттілік тіледі. 
Университет тарапынан тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл шарада боксшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Спартакиадаға барлығы 9 команда қатысуда. Олар, атап айтсақ, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің командасы; «Болашақ» университеті мен «Болашақ» колледжінен құралған құрама командасы; «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты мен Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінен құралған құрама командасы; М.Мәметова атандағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің командасы; И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агротехникалық колледжінің командасы; Қызылорда медициналық колледжінің командасы; Қазақ гуманитарлық, заң және техникалық колледжінің командасы; Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің командасы және «Абылай хан» колледжінің командасы. 
31 наурыз күні басталған турнир 2 сәуірге дейін жалғасады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз