«Болашаққа салым саламыз» акциясы жалғасуда

38

0

«Болашаққа салым саламыз» акциясы жалғасуда«Нұр Отан» партиясының Жалағаш аудандық филиалы кееше, 16 қыркүйекте
«Бақытты балалық» партиялық жоба аясында «Болашаққа салым саламыз!»
акциясын жалғастырды.

Бұл туралы облыстық «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева, аудан әкімінің
орынбасары Жағыпар Тажмаханов, аудандық мәслихат хатшысы Кенжеғара
Сүлейменов, аудандық «Халық банкі» филиалының басқарма басшысы Айдарбек
Естаев, аудан кәсіпкерлері, мектеп директорлары, облыстық, аудандық
БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Акцияда сөз алған аудандық партия филиалы
төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева «Нұр Отан»
партиясының сайлауалды тұғырнамасы көрсеткіштерінің тізбесінде «Білім
және ғылым» бағыты бойынша «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіндегі
салымдардың саны» көрсеткіштері қарастырылғанын айта келе, балаларға
қуаныш сыйлап, көмек қолын созып есеп-шот ашуға демеуші болған
азаматтарға алғысын айтты.

Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесі бойынша
ақшалай салым иегерлері 15 оқушы балаларға алғашқы қаржысы аударылған
сертификаттарды табыстады.

«Бақытты балалық» жобасы бойынша іске асырылып
жатқан «Болашаққа салым саламыз!» акциясы жетім және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған. Яғни, екінші дәрежелі
банктерге ақшалай қаржы жинақтау жолымен – балалардың жоғары білім
алуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылуда. Акцияға демеушілікті
аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Талғат Дүйсебаев
бастап, шаруашылық төрағалары, партияның мүшелері, аудандық мәслихат
депутаттары, мектеп директорлары, аудан кәсіпкерлері атсалысты.

Айта кететіні, акция бойынша республика бойынша
3000, облыста 150 балаға салым салу көзделсе, аудан бойынша 15 балаға
салым салу жоспарланып, толық аяқталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз