Болашақта журналистерді роботтар алмастырады

46

0

 

Google-дің Digital News Initiative бағдарламасы Желідегі ақпараттарды жинау негізінде мақала жазатын робот-журналистер жасау жобасын қаржыландыру үшін 800 мың доллар көлемінде қаражат салды.

Жобаны The Press Association британиялық жаңалықтар агенттігі жасамақ, деп жазады hi-news.ru.

Жоба келесі жылы іске қосылады. Робот-журналист ай сайын 30 мың постқа дейін жазбақ. Қазіргі кезде жобада 5 адам жұмыс істеп жатыр. The Press Association редакторы Пит Клифтон кәсіби журналистердің жұмыссыз қалмайтындығын, алайда робот ботилер жаңалықтар көлемі мен деңгейін ұлғайтуға өзінің көмегін тигізетіндігін айтты.

Айта кетейік, қазіргі кезде ақпарат саласындағы роботтар ірі БАҚ-та жұмыс істеуде, алайда әлі де болса олардың жұмыстарын жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз