БОЛАШАҚТЫҢ БАҒЫТЫ

51

0

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты еңбегі бүгінгінің басты мәселесін дөп басқан мақала болды. Әлемдік сан түрлі құбылыстар қатерінен ұлттық сананы жаңғырту арқылы аулақ болатынымызды айтқан Мемлекет басшысының «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген пікірін келешекте кемел ел болсақ деген ниет үстінде жүрген азаматтардың бәрі қолдауы тиіс деп білемін.
Әлемдік тәжірибе ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалатынын анық көрсетеді. Елбасы өз еңбегінде бұл мәселені де қамтып өтеді. Әрбір қазақстандықтың ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы бағытындағы бастамаларды бағамдайды.
Ұлттық және жеке байлықты үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашақты жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеудің маңызын саралайды. Елдің рухани дамуында мәні зор алты бағытты белгілейді.
Бір сөзбен айтқанда, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» еліміздің әлемдік өркениетке өз үнімен қосылуын көздеген еңбек. Баршамыз жұмылып, осы ізгі ниетті игі іске айналдырайық!
 
Қ. ЕСІМСЕЙІТОВА,
Қазақстан Жазушылар одағы
облыстық филиалының жетекшісі.
 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз