«Болашағы біртұтас ұлт» атты форум өтті

51

0

«Болашағы біртұтас ұлт» атты форум өтті1 мамыр күні Достық үйінің алаңында Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған «Болашағы біртұтас ұлт» атты форум өтті. Оған облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблея төрағасы Қырымбек Көшербаев, облыстық ассамблея, этномәдени бірлестік мүшелері, жастар, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан – достық шаңырағының, берекелі тірліктің берік тұғыры саналады. Достық пен бірліктің арқасында еліміз жылдан жылға өркендеп, гүлденуде. Ынтымақты достыққа алтын бесік болған Сыр атты саялы мекен жайнап келеді.
Мерекелік шараның алғы сөзі облыс басшысы Қырымбек Елеуұлына берілді. «Құрметті қызылордалықтар, Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Қазірде қазақ елі – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымы бар, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекет». Біз бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылған қуатты елміз. Еліміздегі қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халық достығының арқасында бүгінде мемлекеттіміздің экономикасы өркендеп, әлеумет ілгері басып келеді. Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы елімізде демократиялық мемлекет құруға және алға өрлеуге зор ықпал етуде. Елбасының көреген саясатының арқасында бүгінде 130-дан астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Бірлік мерекесі күні Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс әкелсін! Ынтымағымыз жарасып, ырысымыз арта берсін!» -деді.
Сондай-ақ, салтанатты шарада ынтымақ пен татулық мерекесімен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Махмұдбай Әміреұлы, №198 орта мектептің мұғалімі Надежда Ярынюк, Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Жеткерген Жаншораев және Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің кафедра меңгерушісі, PHD докторы Сәбит Ибадулла сөз сөйлеп, барша жиылған қауымды құттықтады.
Шара аясында «ЭКСПО-2017», Қуатты Қазақстан, «Бірлік, Ынтымақ, Бейбітшілік» деген жазулары бар лента байланған шар бумаларымен барлық қатысушылардың қолындағы ақ шарлар көкке ұшырылды.
Мереке берекеге ұласып, «Мақсаттар бірлігі – рух бірлігі» атты этномәдени бірлестіктерінің өнер фестивалімен жалғасты.
 
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
«Болашағы біртұтас ұлт» атты форум өтті
«Болашағы біртұтас ұлт» атты форум өтті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз