Ботабайда телефон байланысы жақсартылды

50

0

Ботабайда телефон байланысы жақсартылды Шиелі. Аудандағы Ботабай ауылында телефон байланысы жақсартылды. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.
    Он жылдан бері тұрғындар телефонмен басқа қалалар былай тұрсын, аудан орталығының өзімен 8 724 39 байланыс коды арқылы сөйлесетін. Бұл қашанда ауыл азаматтарына қиындық тудырып келді. Себебі, байланыс жүйесі әлсіз, оның үстіне елді мекеннің қашықтығы тағы бар. Ал, бүгінде аудан әкімдігінің ықпалымен ауылға байланыс бағаны қойылды. Орнатылған жүйенің нәтижесінде ауыл тұрғындары аудан орталығына тікелей байланысқа шығуға қол жеткізді. Одан өзге, ғаламтор жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болды. Бағана орнатылғалы ауылда қазірде 32 ғаламтор нүктесі іске қосылып, телефон жүйесі 100 пайызға қамтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз