«Бояулар сыр шертеді»

117

0

9 ақпан күні өнер бөлімінде әуесқой суретшілердің қатысуымен «Бояулар  сыр шертеді» атты әдемілік тақырыбына арналған шара өткізілді. 

Эстетикалық бағыттағы бұл шараның мақсаты – жастарды сурет өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Бөлімдегі шетелдік және отандық атақты суретшілердің өмір жолы мен еңбектері туралы жазылған әдебиеттерді насихаттау. Бейнелеу өнерінің өміршең екендігін жастарға ұғындыру. Жастардың бойында адамгершілік, әдемілік, сезімталдық қасиеттерін дамытып, қабылдау ерекшеліктерін шыңдау.

Шара барысында қатысушылардың назарына танымал отандық және шетелдік суретшілердің картиналарының көшірмелері ұсынылды. Картина авторының өмірбаяны мен еңбектеріне қысқаша шолу жасалды. Сонан соң көшірмелер қарапайым адамның көзқарасымен және суретшінің көзқарасымен салыстырмалы түрде түсіндірілді. Шараға сурет үйірмелеріне қатысып жүрген әуесқой суретшілер мен студент жастар қатысты. Әр туындының қыр-сырын жете түсіндіріп, жастарға бейнелеу өнерінің өміршеңдігі жайында сурет үйірмесінің жетекшісі Абуова Баян Нұрмағанбетқызы және облыстық филармония жанындағы сурет үйірмесінің мұғалімі   Тайжан Нұрбек Серікбайұлы айтып берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз