Бір отбасының баспаналы болуына ықпал етті

42

0

Бір отбасының баспаналы болуына ықпал еттіИслам діні қашанда мейірімділікке, қамқорлыққа, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үндейді. Қоғамда әлі де болса көмекке зәру отбасыларының бары рас.
Хадисте пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Жердегілерге рақымдылық жасаңдар. Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды», – деген болатын. Осы бағытта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт –Сырдария» мешітінің бастамасымен қаладағы төтенше жағдайлардан кейін баспанасыз қалған отбасына көмек көрсетілді. Яғни, бір отбасының баспаналы болуына жағдай жасалып, қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп берді. Бұл қайырымдылық ізгі іске қаланың барлық мешіттері атсалысты. Өз кезегінде көмек алушы көпбалалы ана алғысын жаудырып, ниетін жеткізді.
 
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз