Бірқатар аудандарда өндіріс көлемі өст

65

0

Бірқатар аудандарда өндіріс көлемі  өст   Қызылорда. Өткен жылғы қаңтар-желтоқсанда 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі 100,1 пайызды құрады. Облыстық статистика департаменті осылайша мәлім етті.
   Өндірістің кемуі облыстың Қызылорда қаласы  және Сырдария, Жалағаш  аудандарында  байқалды.  Облыстағы  бірқатар аудандарда өндіріс көлемінің  өсуі тіркелді. Есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 99,4 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 19,3 пайызға өсті. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда нақты көлем индексі 114,7 пайызды құрады. Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда нақты көлем индексі 121,3 пайызды құрады.    

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз