Бірқатар аймақта 1-6 градус үсік күтіледі

65

0

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 19 мамыр күні Қазақстанның  барлық  аймақтарында құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай түседі, тұман болып, жел күшейеді. Жауын-шашынсыз ауа райы солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыста болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Қызылорда облысының  кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді,  екпіні шаңды дауылмен 23 м/с жетеді. Сондай-ақ өңірде бұршақ күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының жекелеген жерлерінде бұршақ жауады, 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23 м/с артады.  
Қостанай облысының кей аумақтарында тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде сондай-ақ бұршақ жауып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды, түнде  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарын түнде және таңертең тұман басады.
Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус үсік күтіледі.
Сондай-ақ «Қазгидрометтің» ескертуінше, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз