Бразилияның қарқыны қандай?

51

0

А ТОБЫ. 1 ТУР
А тобында екі ойын өтті. Оның екеуінде де Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлығының өкілдері жеңіске жетті.  
Бразилия – Хорватия – 3:1
Доп соққандар: Марсело, 11 (0:1, өз қақпасына); Неймар, 29 (1:1); Неймар, 71 (2:1, пен); Оскар, 90+1 (3:1).
Ескерту алғандар: Неймар, 27; Густаво, 88 – Чорлука, 66; Ловрен, 69.
Әлемнің бір дүркін чемпионы атағын алған жалғыз құрама – Бразилия өз алаңындағы айтулы аламанда мықтылығын дәлелдейді деген пікір айтылған еді. Рас, алғашқы ойында олар жеңіске жетті. Бірақ, сүреңсіз ойынымен жанкүйерді өздеріне тарта алған жоқ. Төрешінің көмегімен жеңіске жеткендей. Өйткені, төреші хорваттар қақпасына дүдәмал пенальти белгіледі.
Бразилияның қарқыны қандай?
Мексика – Камерун – 1:0
Доп соққандар:  Перальта, 61 (1:0).
Ескерту алғандар: Морено, 57 – Нункеу, 77.
Бұл ойында мексмкалық жігіттер жақсы ойнады. Қарсыластар қақпасы алдында көбірек шабуыл жасады. Өкінішке орай, бұл ойында да төрешілер қателігі көзге көрініп тұрды. Төрешілер Мексика құрамасының таза соғылған екі добын санамады. Соғын қарамастан сағы сынбаған олар жеңіс добын енгізіп, біріншілік барысындағы алғашқы үш ұпайына қол жеткізді. 
Турнирлік жағдайы: Бразилия – 3; Мексика – 3; Камерун – 0; Хорватия – 0.
Бразилияның қарқыны қандай?
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз