БІРЛЕСКЕН БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТЕДІ

48

0

БІРЛЕСКЕН  БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТЕДІОсы жылы 7 ақпанда Теһ­ран­да Қазақстан-Иран бизнес-фо­румы
өтеді. Онда «Бәйтерек» хол­дингі мен Иранның Ұлттық даму қорының арасында өзара
түсіністік туралы меморандумға қол қою жоспарлануда. Құжатта компаниялардың
бірлескен жұмыс басымдықтары айқындалды. Атапайтқанда, тараптар өнеркәсіптік және инновациялық даму, ақпа­рат­тық
технологиялар және эко­номиканың өзге де салаларында ынтымақтастық орнатады.
Әріп­тестік екі елдің экономикалық даму жоспарларына сәйкес инвестицияларды
қолдауға, сондай-ақ олардың тиімділігіне жетуге бағытталатын болады.

Форум аясында пленарлық оты­рыс пен В2В форматында
салалық кездесулер өтеді. Қа­­зақ­стан мен Иранның биз­­нес-қауымдастықтары
экономи­ка­ның басым салаларында ын­ты­мақ­тастықты жандандыру мә­се­ле­лерін
талқылап, бірлескен ком­­мер­циялық жобаларды іске асы­­ру
кезіндегі кедергілерді жою бойынша шаралар ұсынады. «Alageum Electric», «Oxy
Textile», «Масло Дел», «Eurasian Foods» және басқа да отандық компания­лар Иран
нарығына экспорттық өнім жеткізілімдерін кеңейту мүмкіндігін талқылайды.

Айта кетейік,
қазақстандық делегация құрамында форум жұ­мысына жүзден аса қазақ­стан­дық
компания қатысады. Сондай-ақ, бір­қатар облыс әкімдіктерінің өкіл­дері, ҚР
Ұлттық кәсіпкерлер па­латасының басшылығы қатыса­ды деп күтілуде. Иран
тарапынан 200 жетекші ирандық компания
өкілдерінің қатысуы жоспарланып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз