«Бірлігіміз жарасқан» көшкеруенінің қорытынды концерті өтті

42

0

«Бірлігіміз жарасқан» көшкеруенінің қорытынды концерті өттіҚазақстан халқы Асамблеясының және Қазақстан Республикасы
Конституциясының 20 жылдығына орай Қызылорда облыстық ішкі саясат
басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы»
қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бүгін, 16 қазанда орталық
алаңда «Бірлігіміз жарасқан!» көшкеруенінің қорытынды концерті өтті.

Бұл туралы «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін «Бірлігіміз жарасқан!» көшкеруені 2015
жылдың 21-29 қыркүйегі аралығында облыстың барлық ауданында болып,
халықпен кездесулерін өткізіп, мерекелік концерттерін ұйымдастырды.
Көшкеруен құрамында БАҚ өкілдері, ұлттық мәдени орталық жетекшілері мен
мүшелері, тарихшылар, шығармашыл жастар бар.

Бүгінгі шарада кәріс, славян, шешен, татар
этномәдени орталықтарының мүшелері мен «Сыр сұлуы» би ансамблі мен
шығармашыл жастар өз өнерлерін қала тұрғындарына ұсынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз