Бірлік жеңіске жетелейді

132

0

Бірлік жеңіске жетелейдіҚызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет ата-аналар арасында волейбол және шахмат спорт түрлерінен сайыс өтті.
Ата–аналар арасындағы қарым-қатынасты арттыру мақсатында ұйымдастырылған спорттық сайысқа 200-ге жуық ата-ана қатысуға ниет білдірді. Командалық жалауларын қолға алып, салтанатты сап түзеген қатысушыларға мектеп директоры Бахыт Жұматай сәттілік тілеп, шараның маңыздылығын атап өтті.
Шараның негізгі мақсаты – ол әрине салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен бірге,әрбір ата-ана мен мектеп ұжымы арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Бір күн бойына мектепте болып Сіздер оның тыныс-тіршілігін көріп, оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен және оқушылардың жетістіктерімен таныса аласыздар, – дейді Бахыт Әмірханұлы.
Спорттық сайыстың 2-ші бөлімінде командалар айналым тәсілі бойынша ойындарға кірісті. Жарыс ережесіне сәйкес бір спорт түріне қатысқан ата-ана келесі спорт түріне қатыса алмайды.
Шахмат ойнауға қатысушылар 9 турда бақ сынасты. Нәтижесінде ІІІ орынды «Әль-Фараби» командасы иеленсе, ІІ орынға «Ақмешіт» Шаңырағының ата-аналары орнықты. Жүлделі І орын «Айша-бибі» Шаңырағына бұйырды. Сонымен бірге, шахматтан «Үздік ойын көрсеткені үшін» «Номад» командасының ойыншысы Назигүл Арапова, «Бегім Ана» Шаңырағы Есенин Ажарбаев, ал ерекше ойын көрсеткені үшін» «Бұхарбай батыр» командасының ойыншысы Сакенарнайы Удербаев сыйлықтармен марапатталды.
– Соңғы рет шахматты мектеп кезінде ойнағанмын. Бүгінгі жарыста бар білгенімді есіме түсіріп, қарсыластарыма төтеп беруге тырыстым. Барлығы керемет өтіп жатыр. Ең бастысы ата-аналар бір бірімен жақын танысып, мектеп қауымдастығының ауызбіршілігі артты», – дейді жарысқа қатысушы Нұргүл Сайлаубайқызы.
Волейболдан сайысқан командалардың барлық ойындары тартысты болды. Жастар да, үлкендер де кәсіби деңгейдегі спортшылардан кем түспей жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады.
Волейболдан ІІІ орынды «Мұстафа Шоқай» командасы қанжығасына байласа, «Әйтеке би» және «Бұхарбай Батыр» Шаңырақ ата-аналары ІІ және І орын бөліп алды. «Үздік шабуылшы» номинациясымен «Сыр Елі» шаңырағының ата-анасы Алдаберген Буркутов, «Үздік қорғаушы» номинациясын «Жанқожа батыр» командасынан Ж.Алибеков, «Үздік үйлестіруші» номинациясын «Бұхарбай батыр» Шаңырағының ата-анасы Серік Абдрахман және «Үздік ойыншы» номинациясын «Айтеке би» шаңырағынан Марат Әбілқасымов иеленді. Барлық үздік ойыншылар дипломдармен және қола, күміс, алтын медальдармен марапатталды.
Жалпы командалық есепте ІІІ орынды«Әйтеке би» командасы иемденді,  ІІ орынға – «Айша бибі» және І орынға – «Бұхарбай батыр» командаларының ойыншылары лайықты деп танылды.
Айта кету керек, ата-аналар спорттық сайыстардан бөлек, мектеп миссиясында көрсетілген басты бағыттар мен мектеп құндылықтарымен танысуға мүмкіндік алды. Оқушылардың ұйымдастырған ғылыми зерттеулер алаңында ата-аналар балаларының жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес алып жатқан білімдерін бағамдады. Сонымен бірге, өнер туындыларының көрмесін тамашалап, оқушылардың жан-жақты дамуына білім ұясында жасалынып жатқан жағдайлар зор екенін көзбен көрді.  
Ата-анамен жұмысты  жандандыру және тығыз байланыс орнату бағытындағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Бірлік жеңіске жетелейді
Бірлік жеңіске жетелейді
Бірлік жеңіске жетелейді
Бірлік жеңіске жетелейді
Бірлік жеңіске жетелейді
Бірлік жеңіске жетелейді
Бірлік жеңіске жетелейді
Бірлік жеңіске жетелейді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз