Бірлікте 8 үйдің ауласын қарғын су шайды

32

0

Бірлікте 8 үйдің ауласын қарғын су шайдыЖаңақорған. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Бірлік» ауылының 8 тұрғынының үйін Қаратаудан аққан қарғын суға толды. Бұл жайында облыс әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады. 
Қаратаудан аққан қарғын су жаңақорғандықтарды жай таптырар емес. Апта бұрын аудан орталығына сес көрсетсе, енді Бірлік ауылын әбігерге түсірді. Кеше тау бөктерінде орналасқан Ақүйік ауылдық округі Бірлік ауылының оңтүстік-шығысындағы шеткі 2 көшедегі 8 үйдің ауласы қарғын суға толды. Күн райы жылығанмен, жердің тоңы міз қақпай тұр. Басты себеп осы. Кешкі сағат 18:30 шамасында таудан келген су «Қанымсай» жазығына жайылып, елді мекен шетіндегі «Балапансай» сайының ернеуінен асқан. Жаңақорған ауданы әкімі С.Тәуіпбаев бастаған төтенше жағдайлар штабы оқиғаның басы-қасында болып, қауіп сейілгеннен кейін ауылдық округ әкімшілігінде жедел штаб отырысын өткізді. Бұл қауіпті тойтаруға 300-ден астам жаңақорғандықтар жұдырықтай жұмылды. Айта кетейік, аудан орталығынан 1 техника, 1 мотопомпа және ауылдық округтің 2 техникасының көмегімен қарғын су «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобан жол астындағы су өткізгіш құбыры арқылы түнгі сағат 21:30-да ескі арнасына бағытталды. Ешқандай адам және мал шығыны болған жоқ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз