Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз

48

0

Қызылорда. Үстіміздегі жылы тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты республикалық конкурс өткізілді. Бұл конкурстан бірнеше номинация бойынша қызылордалықтар жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, Мұрат Жұмаділдаев «Үздік әлеуметтік жоба», Мейрамбек Шуетов «Кәсібінің үздігі» номинацияларына ие болды. Сондай-ақ, «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша «Жауқазын» би тобы, құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілерінен құралған «Балауса» вокалды тобы, «Ақылды» номинациясы бойынша Қасымбек Диас, «Алтын қауырсын» номинациясы бойынша Әсел Әбдібек республикалық сайысқа жолдама алып, соның ішінде «Ақылды» номинациясы бойынша Диас Қасымбек жүлделі екінші орынға ие болды. Қызылордалық жүлдегерлерді қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов арнайы күтіп алып, ризашылығын білдірді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз